Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Институтта спартикада басталды

Ядролық физика институтында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңісті мерекелеуге арналған спартакиада басталды. Спорттық іс-шара жыл сайын спорттық дәстүрлерді сақтау, салауатты өмір салтын қолдау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, сондай-ақ Институттың корпоративтік мәдениетін нығайту мақсатында өткізіледі. Спартакиаданың ашылуында Институттың бас инженері Старостин Олег пен кәсіподақ төрағасы Алимов Дилшод жиналғандарды алдағы мерекелерімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биыл жарыс волейбол, футбол, шахмат және үстел теннисі сынды төрт спорт түрінен өтеді. Барлығы 14 команда қатысады. Футбол ойнында 7 команда, ал волейбол ойнында 3 әйел және 4 ерлер командасы өзара бақ сынайды.

Спартакиада 15 мамырға дейін жалғасатын болады. Жалпы командалық есептің жеңімпаздары кәсіподақ кубогымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.