Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Институт қызметкерлерінен құралған делегация «Ядролық физика институты» шыңына шықты

Кеше, 23 тамызда бас директор Саябек Сахиев бастаған Ядролық физика институтының қызметкерлерінен құралған делегация «Ядролық физика институты» шыңына шығып, институттың туын ең биікте көтерді.

ЯФИ шыңының биіктігі 3970 м құрайды. Ол Үлкен Алматы шатқалында, Турист шыңы мен Қазарменная шыңының арасында орналасқан.

Сондай-ақ, қызметкерлер тобы Алматы қаласындағы Ресей ғылым академиясы Физикалық институтының Тянь-Шань биік таулы ғылыми станциясына (Космостанцияға) сапар жасады. ТШҒС базасында П. Н. Лебедев атындағы Ресей физика институтының ғалымдары зерттеулер жүргізеді, сонымен қатар мұнда қазақстандық ғылыми ұйымдардың филиалдары орналасқан.

Институт қызметкерлерінен құралған делегация «Ядролық физика институты» шыңына шықты