20 шілдеде Институттың 16 қызметкері Астанада өткен «National Networking Event» шарасына қатысты. Іс-шараны Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен «Американдық халықаралық білім беру кеңестері» корпорациясы ұйымдастырды.
Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап ЯФИ қызметкерлері АҚШ Елшілігінің қолдауымен C5 + ONE бағдарламасы аясында ағылшын тілін оқуда. Бұл бағдарлама Орталық Азияның бес еліндегі энергетика және қоршаған орта саласындағы жас мамандар мен кәсіпқойларға ағылшын тілін тегін оқуға, аймақтық іскерлік байланыстар орнатуға және кәсіби даму мүмкіндіктерін алуға мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында Институт қызметкерлері өзекті мәселелер бойынша пікірталастарға қатысып, аймақтық проблемаларды анықтап, оларды шешу стратегияларын талқылады. Бұл іс-шара тәжірибе алмасуға және бейресми жағдайда кәсіби байланыстар орнатуға ықпал етті.