Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Институт қызметкері АЭХА-ның техникалық кеңесіне қатысты

2024 жылдың 10-14 наурыз аралығында Атом энергиясы қауіпсіздігі мәселелері зертханасының меңгерушісі Әсет Шаймерденов АЭХА-ның зерттеу реакторларынан жоғары байытылған уранды шығару тәжірибесі жөніндегі техникалық кеңесіне қатысты. Кеңеске 19 елдің өкілдері қатысып, зерттеу реакторларынан жоғары байытылған уранды шығару тәжірибесін және осы қызметтен алынған сабақтарды талқылады.

Сондай-ақ, кеңесте аталмыш кездесудің нәтижелері бойынша шығарылатын АЭХА техникалық құжатының (TECDOC) мазмұны, олқылықтары мен қажетті түзетулері талқыланды. 2024 жылғы 14 наурызда Энергияны зерттеу орталығына (Centre for Energy Research) техникалық тур ұйымдастырылып, онда кеңеске қатысушылар Будапешт нейтрон орталығының, Ядролық криминалистика зертханасының және пайдаланылған ядролық отынды сақтау алаңының қызметімен танысты.