Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Институт ғылыми-техникалық орталық құру туралы меморандумға қол қойды

2023 жылдың 24 ақпанында Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев «Байсерке-Агро»ЖШС басшысы Ақсақалов Қазбек пен «Алатау технопарк» ЖШС бас директоры Сартаев Олжаспен кездесті.Үшжақты кездесудің мақсаты Алатау ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және ауылшаруашылық саласы бойынша ортақ жоғары технологиялық жобаларды құру мәселесін талқылау болды. Кездесуде алдымен Саябек Қуанышбекұлы Институттың жұмысы мен базалық кондырғылары, ғылым және білім бағыттарындағы халықаралық әріптестіктері, ғалымдардың жарияланымдағы жетістіктері туралы айтты. Ядролық физика институтының экономикалық ғылыми даму бағытындағы инвест және мега-сайенс жобаларға тоқталды. ЖТҒТ бөлім бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Игорь Данько ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінде радиациялық технологияларды қолдану тақырыбында баяндама жасады. Азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін радиациялық өңдеу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар кездесуде Ядролық физика институты,Байсерке-Агро және Алатау технопаркі басшылары ынтымақтастық меморандумына қол қойды.Меморандумның мақсаты Алатау шағын ауданында әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымы бар ғылыми-технологиялық орталық құру болып табылады. Кездесуде ғылым мен экономиканы қолдау бағдарламасы аясында академиялық қалашық салу жоспарланды. Қалашық аумағында ғалымдар мен жас мамандар үшін тұрғын үйлер, аурухана,демалыс орындарының болу қажеттілік талқыланды. Бұл орайда бас директор Саябек Сахиев инфрақұрылымның дамуы жас мамандарға ғылыммен айналысуға мүмкіндік болатынын айтып өтті. Ядролық физика институтында 600-ден аса адам қызмет етеді. 94 жас мамандарымыз грант арқасында Дубна қаласындағы Біріккен ядролық зерттеу институтында тәжірибе жинақтап,жұмыс істеуде. Жастардың орташа жасы 29-да. Алайда, олардың көпшілігі елге оралып, мемлекетіміздің дамуына қызмет етсек деген ниетте.Сондықтан жас мамандарымыз ғылыммен айналысу үшін жағдай жасалу қажет.Үй,мектеп,балабақшалардың болуының маңызы зор,-деді бас директор.

«Байсерке-Агро» өкілдері Қазбек Ақсақалов атынан Алатау шағын ауданының инфрақұрылымын дамыту бойынша өз жоспарларын ұсынды және ЯФИ қызметкерлері үшін тұрғын үй проблемаларын шешуге дайын екендіктерін айтты.

— Сіз қызметкерлерге арналған тұрғын үй мәселесі бар деп айтқан едіңіз. Осыған байланысты біз Алатау шағын ауданының аумағында кең ауқымды Академқалашық құрғымыз келеді. Біз Алатау шағын ауданындағы аумағымызды: студенттерге, инженерлерге, профессор ғалымдарға және сіздің резиденттеріңізге арналған тұрғын үйді игеруге бағыттамақпыз. «Байсерке-Агро» жоспарына шағын ауданның инфрақұрылымын дамыту, атап айтқанда мектептер, балабақшалар, спорт кешендерін салу және т.б. егер біздің компания осы мақсатты орындай алмасақ, біз қалашықтың әлеуметтік және академиялық бөлігін өз есебінен салуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, біз Қазақстанда ғылымның дамуына серпін бергіміз келеді.

Кездесу соңында тараптар меморундум негізінде бірлескен жұмыстар атқаруға келісті.