Институтқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының бастығы Поливанов Павел бастаған делегациясы келді. Айта кетейік, өткен жылы Институт пен ҚР ҰҚК Шекара академиясы заманауи технологиялар трансфері, ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру және іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы өзара меморандумға қол қойған болатын.
Сапар аясында делегаттар Институттың ғылыми-өндірістік қызметімен, ғалымдардың жарияланым жетістіктерімен, ЯФИ-дің халықаралық мега-сайнс жобаларға интеграциялануымен, сондай-ақ жетекші халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық аясымен танысты.
Академия делегациясы үшін ұйымдастырылған экскурсия барысында қонақтар пайдаланылған иондаушы сәулелену көздеріне арналған қоймаға, ССР-Қ ғылыми-зерттеу реакторына, «Aqua dress» гидрогелий таңғыштары өндірістік цехының қайта жаңартылған ғимаратына және «ИЛУ-10» сәулелендіру қондырғысы бар радиациялық зарарсыздандыру корпусын аралады.