Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Институт делегациясының М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ге сапары

20 наурызда бас директор Саябек Сахиев Институт делегациясымен М. В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде болды. Сапар барысында Д.В. Скобельцын атындағы Ядролық физика ғылыми-зерттеу институтының (ЯФҒЗИ) және Химия факультетінің басшылары мен ғалымдарымен кездесу өтті.

Кездесу барысында екі Институт арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары талқыланды. Айта кетейік, өткен жылы Институт пен ЯФҒЗИ ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойып, онда тараптар атом саласы үшін мамандар даярлау бойынша тәжірибе алмасуға келіскен болатын.