Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Институт делегациясы Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің делегациясымен кездесті

Кездесуге бас директор Саябек Сахиев, стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Раушан Қабатаева мен Ұлыбритания елшілігінің экономика және климаттың өзгеруі жөніндегі бірінші хатшысы Селена МакГиннес және саясат және басқару жөніндегі кеңесші Лариса Волкова қатысты.

Кездесудің күн тәртібі ЯФИ мен Ұлыбритания елшілігі арасындағы ынтымақтастық және Қазақстанның атом саласындағы ынтымақтастықтың мүмкін жолдарын талқылауға арналды.

Кездесу аясында Селена МакГиннес Ұлыбритания елшілігі пен Ядролық физика институты арасындағы ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытты. Осыған орай Институттың бас директоры Саябек Сахиев болашақ атом электр станциясы үшін мамандар даярлау бағытындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Ол шетелдік әріптестердің білім және ғылым процесіне қатысуы Қазақстанның атом саласы үшін кадрларды табысты даярлауда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.