Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Институт базасында атом электр станциясы үшін болашақ кадрлар даярланатын болады

Кеше кездесу аясында АЭС үшін кадрларды бірлесіп даярлау туралы хаттаманы Ядролық физика институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-университеті және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті бекітті.

Үш сатылы білім беру бағдарламасын дайындау «Ядролық физика және технологиялар», «Ядролық энергетика»,«Ядролық реакторлар мен материалдар» және «Ядролық инженерия» сияқты атом электр станциялары үшін қажетті мамандықтар бойынша жүзеге асырылатын болады.

Болашақ мамандар ЯФИ базасында жоғарыда аталған мамандықтар бойынша тәжірибе жинақтап, практикадан өтеді. ССР-Қ зерттеу стационарлық реакторын пайдалана отырып, практикалық сабақтарға мүмкіндік беріледі. Жалпы білім беру пәндері бойынша теориялық даярлықты АЭжБУ, ҚазҰУ, Сәтбаев университеттерінде алатын болады.