Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Институт бас директоры ҚР ЭМ кеңейтілген алқасына қатысты

Институттың бас директоры Саябек Сахиев бастаған Ядролық физика институтының делегациясы ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген отырысына қатысты.

5 наурызда ҚР премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың басшылығымен Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқасы өтті, онда Министрліктің 2023 жылғы қызметінің қорытындылары және 2024 жылға арналған міндеттер қаралды.

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өз сөзінде елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған атом, мұнай және газ сынды негізгі қызмет салалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды.

Министр Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) бас директорының Қазақстанға сапары барысында Министрлік пен АЭХА арасындағы ынтымақтастықтың 2023-2028 жылдарға арналған елдік негіздемелік бағдарламасы қабылданғанын, оның шеңберінде Ядролық физика институты технеций-99 генераторларын Қырғызстанға өндіретінін және жеткізетінін атап өтті. Бұл генераторлар ядролық медицинада қатерлі ісік пен жүрек ауруларын диагностикалау үшін қолданылады.

Қазақстан АЭХА-ның 1994 жылдан бастап жаңа технологиялық және зерттеу әзірлемелеріне қол жеткізе отырып, өзінің ғылыми және техникалық әлеуетін нығайта отырып, өзара іс-қимыл жасайды.