Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Институт бас директоры Nuclear Power Plants Expo&Summit 2024 сессиясына қатысты

Институттың бас директоры Саябек Сахиев Стамбулда өткен «Nuclear Power Plants Expo&Summit 2024» сессиясында баяндама жасады. Бұл шара әлемнің 20 елінен келген мыңнан астам қатысушыларды жинайтын, Орталық Азияның жаһандық энергетикалық нарықтағы рөлін талқылайтын басты алаңдардың бірі болып табылады.

Бас директордың баяндамасы Қазақстанның бейбіт атомды пайдалану тәжірибесіне арналды. Баяндамасында Саябек Сахиев ССР-Қ ғылыми зерттеу реакторында жүргізілетін қазіргі және болашақтағы әзірлемелер медициналық және өндірістік мақсаттарда радиоизотоптар өндіру, сондай-ақ кремнийді нейтронды-трансмутаторлық қоспалау бойынша болашақ жобалар қатарын атап өтті. Аталмыш жобаны іске асырудың арқасында Институт болашақта жартылай өткізгіштер өндірісі үшін 7-10 тонна қоспаланған кремний жеткізе алады. Ол сондай-ақ Институттың әлемнің 30-дан астам жетекші ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастығын атап өтті. Бұл ынтымақтастықтардың негізінде Институт ортақ әзірлемелердің, бейбіт атомды пайдалану саласындағы технологияларды енгізу және қолданудың арқасында отандық ғылымға елеулі үлес қосуда.

Сессия барысында бас директор New Nuclear Watch Institute (Ұлыбритания),Aso Nuksak(Туркия), Figes(Туркия),Japan investment advisory,Assystem(Франция),ThorAtom (Туркия) сынды халықаралық компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді. Cонымен қатар Институт бас директоры Саябек Сахиев «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Гүлнар Бижановамен, «ҚАЭС» ЖШС бас директоры Тимур Жантикинмен өзара келіссөздер жүргізіп, алдағы уақыттағы бірлескен жобалар қатарын талқылады.