Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Химия ғылымдары институты ғалымдарының сапары

5 сәуірде Ядролық физика институтына бас директор Хайдар Тасибеков бастаған Химия ғылымдары институтының (ХҒИ) ғалымдар делегациясы келді. Кездесу барысында ХҒИ делегациясы ЯФИ қызметінің негізгі бағыттарымен, ғылыми қызметкерлердің жариялау жетістіктерімен, 30-дан астам жетекші халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы және ғылыми-техникалық базасымен танысты. Бас директор Саябек Сахиев өз сөзінде институттың Қазақстан Республикасының атом өнеркәсібі үшін кадрлар даярлауда өте жоғары тәжірибесі бар екенін атап өтті. Соның негізінде мамандарды дайындау үшін барлық қажетті құралдар яғни, стационарлық ғылыми-зерттеу реакторы, сыни стенд, әртүрлі типтегі үдеткіштер, АЭХА қолдауымен ашылған үш оқу орталығы бар екенін атады. Олардың қызметі атом өнеркәсібінде мамандарды дайындау болып табылады деп тоқталып өтті. Кездесуде ХҒИ делегациясы бірнеше бағыт бойынша ынтымақтастықты ұсынды, олардың бірі атом электр станциясын сумен қамтамасыз ету. Осы орайда ХҒИ ғалымдары өз қолданыстағы технологиясын ұсынып, бірлескен жоба дайындауды ұсынды.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты келесідей бағыттар бойынша қарастыру туралы шешім қабылдады:

  1. мұнайды өндіру саласында;
  2. сирек металдарды сілтілеу;
  3. АЭС-ті сумен жабдықтау.