2022 жылдың 28 қазан күні ҚР ЭМ«Ядролық физика институты» РМК бас директоры Сахиев Саябек Қуанышбекұлы Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция мүшесі ретінде Алатау ықшам ауданындағы жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу №7 жалпы білім беретін мектепте өтті. Қоғамдық штаб мүшелері кездесуде қатысушыларды Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділ Қазақстан: Барлығы үшін және әрқайсысы үшін қазір және мәңгі" атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Саябек Қуанышбекұлы өз сөзінде елімізде мемлекет басшысының тапсырысымен бүгінгі таңда ғылымға көңіл бөлініп, қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Болашақта Ядролық физика саласында қызмет ететін жастарға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Соның негізінде аудандағы №7 жалпы білім беретін мектептің бітіруші түлектеріне Институт жұмысымен таныстыру үшін экскурсия ұйымдастырылғанын айтты. Мамандық таңдауда жастар үшін мұндай экскурсиялардың маңызды екені аталды. Сондай-ақ Институт бас директоры Алатау ауданының тұрғындары үшін Ядролық физика институтындағы ССР-Қ зерттеу реакторы жұмысының қауіпсіздік жайына тоқталып өтті. АЭЖХҚ (МАГАТЭ) атом реакторларына қойылатын жоғары талаптар, ССР-Қ зерттеу реакторынада қойылатынын атап өтті. "Алатау" шағын ауданының тұрғындары қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағытын қолдауға және Қазақстанның дамуы мен өркендеуі мен еліміздің болашағы үшін қайта құрудың қозғаушы күші болуға дайын екендіктерін білдірді.