Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері: ЯФИ мен APU-дың Токиодағы кездесуі

17 желтоқсанда Токиода (Жапония) Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев пен Рицумейкан Азия–Тынық мұхит университетінің (Ritsumeikan Asia Pacific University, APU) вице-ректоры Серік Мейрмановпен кездесуі өтті.

Рицумейкан Азия–Тынық мұхит университеті — академиялық ұтқырлығы жоғары, пәнаралық ғылыми зерттеулері белсенді дамыған, ғылым, технологиялар және жаһандық басқару салалары бойынша мамандар даярлауға басымдық беретін Жапонияның жетекші халықаралық университеттерінің бірі.

Кездесу барысында Саябек Сахиев Институттың ғылыми-өндірістік әлеуетін таныстырды. Тараптар ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылап, алдағы уақытта екіжақты және көпжақты кездесулерді жалғастыру арқылы серіктестікті дамытуға уағдаласты.

Серік Мейрманов — жапон университетінің басшылығында осындай жоғары лауазымды иеленген тарихтағы алғашқы қазақстандық.