Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Халықаралық ынтымақтастық

2022 жылғы 15 сәуірде ҚР Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» РМК-на (бұдан әрі – ЯФИ РМК) АҚШ ҚМ Қауіп-қатерлерді азайту агенттігінің делегациясы іссапармен келді, оның ішінде: «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» жобасының жетекшісі Д. Фишман, физикалық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Д. Биссел, Culmen International LLC компаниясы, Нұр-Сұлтан қ-ғы АҚШ Елшілігінің жанындағы АҚШ ҚМ ҚАА бөлімі директорының орынбасары А. Дубров, Нұр-Сұлтан қ-ғы АҚШ Елшілігінің жанындағы АҚШ ҚМ ҚАА бөлімінің бағдарламалар үйлестірушісі С. Колмыков, «Юрс Федерал Сервисез Интернэшнл, Инк» компаниясының Қазақстандағы филиалының директоры А. Васильев, «ЮРС Федерал Сервисез Интернэшнл, Инк» компаниясының жедел мәселелер жөніндегі басшысы С.Корбан, «ЮРС Федерал Сервисез Интернэшнл, Инк» компаниясы мәселелері бойынша жоба үйлестірушісі Ш.Абдыхаликова болды. ЯФИ РМК атынан жұмыс кездесуіне қатысқандар: бас директордың м.а. Д.М. Джансейтов, ғалым хатшы А.К. Бекбаев, бас инженер М.Ш. Тулегенов, физикалық қорғау және режим бөлімінің бастығы С.С. Айтбаев, 1-ші а.к. 3650 ә/б коменданты п/п-к М.К. Калиякпаров, ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының бастығы Н.Д. Измайлова, ЯҚОО оқу бөлімінің бастығы М.А. Идрисова.

Іссапар аясында ЯФИ РМК Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында жұмыс кеңесі өткізілді, онда АҚШ Қорғаныс министрлігі Қауіп-қатерлерді азайту агенттігінің «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.