Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Халықаралық әйелдер мейрамы аталып өтілді

Бүгін 7 наурызда Ядролық физика институтында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты шарада Институттың нәзік жандыларын көктемнің шуақты мерекесімен бас директор Саябек Сахиев пен Кәсіподақ төрағасы Дилшод Алимов құттықтап, Институт дамуында әйелдер қауымының орасан зор үлесін атап өтіп, әрдайым ықылас пен алғысқа бөленулеріне, абырой мен құрмет биігінен көрінулеріне ниет білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

Қызметтегі адал еңбегі мен кәсібилігі үшін Институттың 26 әйел қызметкері Құрмет грамотасымен және алғыс хатпен марапатталып, құрмет төрінен көрінді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен мерекелік атмосфера сыйлады.