Жұмыс сапары аясында қазақстандық делегация Ресейдің И. М. Губкин атындағы мұнай және газ мемлекеттік университетіне барды. Делегация құрамында Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев кездесуге қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы Мемлекет басшысының жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын Қазақстанда ашу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында құрылған университеттің Атырау қаласындағы филиалын дамыту мәселелері болды. Аталған жоба энергетика және өнеркәсіп салалары үшін заманауи ұлттық кадрлық әлеуетті қалыптастырудың маңызды тетігі ретінде қарастырылады.
Мамандар даярлаудың негізгі бағыттары қаралды. Филиал негізгі білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырады, толық лицензияланған және қажетті оқу-зертханалық базамен жабдықталған.