Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Физикалық қорғау жүйесіне бақылау тексерістерін өткізу

2024 жылғы 24-28 маусым аралығында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында «Физикалық қорғау жүйесінің бақылау тексерістерін/инспекцияларын өткізу» оқу курсы өткізілді. Курс АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қатерді азайту жөніндегі агенттігінің «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылды. Бұл курс «өтпелі курс» болды; американдық нұсқаушылар әзірлеген материалдарды қайта қарастыру және бейімдеу мақсатында ЯҚОО табысталды. Курсты тек қазақстандық нұсқаушылар жүргізді.

Курстың мақсаты – қазақстандық мамандарды физикалық қорғау жүйелеріне бақылау тексерістерін/инспекцияларын өткізу дағдыларына үйрету. Оқу курсы аясында теориялық, практикалық, көрсетілімдік сабақтар, сондай-ақ далалық жаттығулар өткізілді.

Оқыту қорытындылары бойынша АЭҚБК, ЯФИ, ҰЯО, ҮМЗ, Үлбі-ЖБЖ, МАЭК, сондай-ақ атом саласы объектілерінде физикалық қорғауды қамтамасыз етуге жауапты ҚР ҰГ атынан қатысқан 9 қазақстандық маманға курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар берілді. Соңғы қорытындылаушы сертификаттар табыстау рәсімі ЯФИ бас директоры С.Қ. Сахиевтің және Астана қаласындағы АҚШ елшілігі жанындағы АҚШ ҚМ ҚАА бөлімінің директоры К. Котовтың қатысуымен өтті.