2025 жылғы 30 маусым - 4 шілде аралығында «ҮМЗ» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ уран өндіруші кәсіпорындарының мамандары, сондай-ақ ЯФИ мамандары үшін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы «Ядролық материалдар мен қондырғыларды физикалық қорғау негіздері» оқыту курсын өткізді.
Курстың мақсаты – рұқсат етілмеген әрекеттерді болдырмау, қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау және штаттан тыс жағдайларға ден қою арқылы ядролық материалдар мен қондырғыларды физикалық қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Оқытудың теориялық бөлігі Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасының талаптарына және АЭХА ұсынымдарына, физикалық қорғау жүйелерін жобалау, орнату, техникалық қызмет көрсету негіздеріне, объектіге кіруді бақылау, тасымалдау кезінде материалды қорғау, тексерулер мен функционалдық сынақтар жүргізу сабақтарына арналды. Практикалық сабақтар барысында топ бойынша тыңдаушылар гипотетикалық объектіні қорғауды жобалады, оқу көліктері мен жаяу жүргіншілерге арналған БӨП-де тексерулер жүргізді, ядролық материалдардың оқу қоймасына тексеріс жүргізді, физикалық қорғау жүйесінің тиімділігін бағалау жұмыстарын орындады.
Талқылаулар барысында мамандар әртүрлі физикалық қорғау аспектілерін және олармен байланысты мәселелерді қарастырды. Курс аясында тыңдаушылар үшін реакторды таныстыру бойынша тур ұйымдастырылды.
Тестілеу қорытындысы бойынша 13 маман, оның ішінде ЯФИ 2 маманы курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды.