Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

«Фарматом» компаниясының Ядролық физика институтына сапары

30 шілдеде «Фарматом» компаниясының өкілдері бас директор Михаил Лоцмановтың басшылығымен Ядролық физика институтына сапар жасады. Сапар барысында делегация Институт басшылығымен кездесті және ССР-Қ зерттеу атомдық реакторы мен радиохимия және изотоптарды өндіру бойынша ғылыми-техникалық орталық нысандарын аралады.

Талқылаудың негізгі тақырыбы медициналық радиоизотоптарды өндіру саласында Институттың қызмет көрсету мүмкіндіктеріболды. Бұл ынтымақтастық «Фарматом» үшін стратегиялық тұрғыда өте маңызды қадам, өйткені олар медициналық мақсаттағы радиоизотоптар мен радиофармацевтикалық препараттарды өндіруге белсенді қатысады.

«Фарматом» компаниясы фармацевтикалық өнімдердің көтерме саудасына және Фтор-18, Лютеций-177, Актиний-225 және Радий-223 сияқты медициналық радиоизотоптарды өндіруге маманданған.

Сапар екі жақтың ядролық медицина және ғылыми зерттеулер саласындағы ұзақ мерзімді және нәтижелі ынтымақтастыққа мүдделі екендіктерін білдірумен аяқталды, бұл екі тарапқа да жаңа мүмкіндіктер ашады.