2023 жылдың 28-29 наурыз аралығында Еурофюжен (Eurofusion) ұйымының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі аға менеджері доктор Ричард Камендженің Ядролық физика институтына ВВР-К реакторының өзегіндегі термоядролық реактор бланкетінің қатты күйдегі материалдарын зерттеу жобасының ұйымдық-қаржылық мәселелерін талқылау үшін жұмыс сапарымен келді.
Институттың бас директоры Сахиев Саябек шетелдік қонақты ЯФИ ғылыми-зерттеу және техникалық базасымен таныстырды. Сондай-ақ, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық негізінде жүргізілетін жұмыстар туралы айтылды. Сонымен қатар, ол ЯФИ-де реакторішілік эксперименттер жүргізу, оның ішінде термоядролық реакторлардың функционалдық материалдарын зерттеу бойынша бай тәжірибесі бар екені атап өтті.
Сондай-ақ Ричард Камендже ВВР-К зерттеу реакторының кешеніне барып, эксперименттік қондырғылармен танысты. Сапарды қорытындылай келе, доктор Ричард Камендже ЯФИ-ге 2023 жылдың сәуір айының соңына жоспарланған кеңейтілген құрамда келесі кездесуді өткізу туралы хабарлады.