Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ерлікке тағзым етілді

9-мамыр Алатау ықшам ауданында Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шараға ЯФИ-дің жетекші ғалымдары, белді инженерлері мен білікті мамандары қатысты. «Ардагерлер Алаңы» ескерткішіне гүл шоғын қойып, батырлар рухына тағзым етті.

Сондай-ақ мерекелік шарада ЯФИ РМК бас директоры, ҚазҰЖА академигі, Сахиев Саябек Қуанышбекұлы мен Институттың зертхана меңгерушісі, профессор, ардагер-ғалым Насрулла Бөртебаев сөз сөйлеп, тұрғындарды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.