Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Сарапшылар АЭС салу жайын талқылады

2022 жылдың  12 желтоқсанында Астана қаласында New Nuclear Watch Institute (NNWI) ұйымдастыруымен «Қазақстандағы атом энергетикасының дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында сарапшылар елімізде электр энергетикасына деген  сұраныс күннен-күнге артып келетінін жеткізді. Әрі электр энергиясы жеткілікті көлемде өндірілсе, қазіргі  күні ең маңызды мәселенің бірі жылу жүйесін ретке келтіру мүмкін болар еді. Атом электр станциясын салу мәселені шешудің тиімді жолы деп пікір білдірді мамандар. 

 Өз кезегінде шетелдік сарапшылар қазіргі таңда Қазақстанда  АЭС салу халықаралық нарықта қолайлы екенін атап өтті. Пайдалы қазбаларды пайдаланудан бас тартып, таза энергетикаға, яғни атом энергетикасына көшу қажеттігін айтты. Атомдық станция жел немесе күн станцияларынан қарағанда  тиімді. Қазақстан секілді мемлекетке бір атом станциясы аз болады деп жеткізді шетел сарапшылары.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде сала мамандары  Қазақстанда атом электр станциясын салу  қазірдің өзінде кешіктіріліп жатқанын айтты. АЭС-ті салу үшін кемінде 10 жыл керек.Толық операциялық кезең шашамен 2035 жылға келетітін атап өтті.

Ядролық физика институтың директоры Саябек Сахиев энергетиканың дамуы қай елдің болсын даму дәрежесін көрсететінін атап өтті. Атом электр станциясы 100 жылға дейін ең «жасыл энергетика» болып есептеледі деді бас директор.

—  Атом электр станциясын салу шешілген дүние. Әзірге шешілмегені оны кім салатыны, қай елдер? Қазір ұсынылып жатқан СУ-СУ энергетикалық реакторы ол алғашқысы 1957 жылы АҚШ, ал сол кездері КСРО 1964 жылы ашылған. Ең сенімді, кәміл сенуге болатын реакторлардың бірі осы деп есептеймін. АЭС-ті Қазақстан осыдан бірнеше ондаған жылдар бұрын салу керектін. Бірақ әлі де кеш емес. АЭС салынса,  Қазақстанның энергетикасы бастан кешіп жатқан жағдайынан мүлдем өзгереді деп ойлаймын, –деді бас директор.

Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында мамандар  Қазақстанда АЭС құрылысының нормативтік базасы, технологиялардың қауіпсіздігі және процестердің ашықтығы жайына тоқталды. АЭС құрылысы салынатын болса, нормативтік базаны кеңейту қажеттігі айтылды. Соның неігізінде нормативтік құқықтық актілердің толық тізімі  МАГАТЭ-ның міндетті құжаттар тізіміне енгізілуі керек деп пікір білдірді сарапшылар.