Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Екі ел арасындағы сутегі дипломатиясы

2023 жылғы 25 қаңтарда Ядролық физика институтына Германияның Қазақстандағы елшісінің тұрақты орынбасары Колли Карл Холгар мен Астанадағы сутегі дипломатиясы Кеңсесінің болашақ басшысы Мануэль Феликс Андреш жұмыс сапарымен келді. Сутегі дипломатиясы кеңсесінің жұмысын GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы, Германияның Астанадағы елшілігімен тығыз ынтымақтастықта іске асыратын болады. Екіжақты кездесудің мақсаты сутегі дипломатиясы кеңсесінің жұмысын таныстыру болды, атап айтқанда, ЯФИ-мен неміс университеттері мен институттарының әріптестерімен ғылыми ынтымақтастық талқыланды.

Өткен жылдан бері Германияның федералды Сыртқы істер министрлігі биыл Астанада сутегі дипломатиясы бюросын ашуды жоспарлап отыр. Кеңсе жұмысы Германияның Астанадағы Елшілігімен және Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылатын болады. Сутегі дипломатиясы кеңсесі қазақстандық және неміс сарапшылары арасында сутегі жобаларын іске асыру үшін тәжірибе және пікір алмасу алаңына айналмақ.