Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

дролық физика институты ЭКСПО-2025 көрмесінде халықаралық құрмет марапатына ие болды

Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2025 дүниежүзілік көрмесінеЯдролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев пен атом энергиясының қауіпсіздігі мәселелері зертханасының меңгерушісі Асет Шаймерденов қатысып, қазақстандық ғалымдардың жетістіктерін халықаралық алаңда таныстырды.

Көрме аясында Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ISTC) «Special Day of ISTC» атты салтанатты күнін өткізді.

Басты шараларының бірі –«ХҒТО-Жапония бірлескен жобаларына қатысқан ғалымдардың еңбектерін мойындау» (“Recognition of Scientists Working on ISTC-Japan Projects”) атты марапаттау рәсімі болды. Онда Жапония, Армения, Грузия, Тәжікстан және Қазақстаннан келген ғылыми топтар қатысып, үздік ұжымдар марапатталды. Олардың қатарында қазақстандық ғалымдар да бар.

Ядролық физика институты 15 жылдан астам уақыт бойы жоғары температуралы газбен салқындатылатын реакторлар (ВТГР) технологияларын дамыту бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. Бұл – атом энергетикасының IV буынының ең перспективті бағыттарының бірі. Жұмыстар Жапонияның Атом энергиясы агенттігімен (JAEA) бірлесіп, ХҒТО қолдауымен Generation IV International Forum (GIF) халықаралық бастамасы аясында іске асырылуда.

•Айта кетерлігі, ғылыми орталық арқылы жүзеге асырылған қазақстандық жобалардың ішінен дәл осы ЯФИ жобасы орталық павильон экспозициясына іріктелді. Ол әлемдік деңгейдегі 12 маңызды халықаралық бастаманың қатарына енді. Бұл Қазақстан ғалымдарының ядролық зерттеулер саласындағы ғылыми және практикалық әлеуетінің жоғары екенін көрсетті.

Іс-шара барысында Ядролық физика институты Жапония Үкіметінің қолдауымен Халықаралық ғылыми-техникалық орталық ұсынған Құрмет сертификатына (Certificate of Recognition) ие болды. Марапатты Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігінің аға вице-министрі Какита Ясуёси табыстады.

•Бұл жоғары баға ЯФИ-дың ядролық зерттеулердегі ұзақ мерзімді жетістіктерін және атом энергиясын бейбіт пайдалану технологияларын дамытуға қосқан маңызды үлесін айқындады.