Кез-келген қоғам мен халықтардың дамуының басты көрсеткіші – ғылым мен білім. Ғылым елдің жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашатын ең маңызды тірегі болып саналады. Қазақстанның қалыптасуына, қуатты бәсекеге қабілетті экономиканың құрылуына үлкен әсер ететін ол– ғылым.
65 жылдан астам уақыт Ядролық физика институты елімізде ядролық физика және қатты дененің радиациялық физикасы, радиоэкология, радиохимия саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп,еліміздегі ғылымның дамуына үлес қосып келеді.Біз бірегей болған оңдаған жобаларды жүзеге асырдық. Институтымыздың барша ғылыми қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, жарқын ғылыми жаңалықтар, жаңа жетістіктер, жаңашыл идеялар, сарқылмас шығармашылық шабыт тілейміз.