Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

БЯЗИ күндері Қазақстанда: Астана филиалының 20 жылдығы және халықаралық әріптестіктің нығаюы

Маусымның 2-сі күні Астанада Қазақстан Республикасындағы Біріккен ядролық зерттеулер институты күндерінің орталық іс-шарасы — Ядролық физика институтының Астана филиалының 20 жылдығына арналған кеңейтілген пленарлық мәжіліс өтті. Іс-шара бір алаңда жеті елден — Қазақстан, Жапония, Ресей, Өзбекстан және басқа мемлекеттерден — салалық мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, жетекші университеттер мен академиялық қоғамдастықтың өкілдерін топтастырды.

Негізгі талқылау тақырыптары: көпжылдық әріптестіктің қорытындылары, зерттеу инфрақұрылымын дамыту және жоғары білікті мамандар даярлаудың болашағы болды.

*Мәжіліс мерейлі мерейтойларды атап өтіп жатқан Біріккен ядролық зерттеулер институтына және ЯФИ Астана филиалына арналған салтанатты құттықтаулармен ашылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары атынан Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Тимур Жантикин, Сыртқы істер министрлігінің бірінші орынбасары Ержан Ашикбаев, ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, сондай-ақ Оқу-ағарту вице-министрі Майра Мелдебекова сөз сөйледі. Рәсім барысында Үкімет Басшысының орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның және Ғылым мен жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ресми құттықтау хаттары да жарияланды.

Кездесудің кең географиясы мен жоғары академиялық мәртебесін атақты шетелдік қонақтардың сөздері айқындай түсті. Жапон атом энергиясы агенттігінің (JAEA) президенті Масанори Когучи, Өзбекстан Республикасы ҒА Ядролық физика институтының директоры Илхом Садиков және В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының директоры Шыңғыс Омаров құттықтау сөздерін жеткізді. Сондай-ақ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, Г. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің, Жасанды интеллект ұлттық зерттеу университетінің және НИТУ «МИФИдің» ректорлары мен басшылары да сөз сөйледі.*

Ғылыми бағдарламаны БЯЗИ директоры Григорий Трубниковтыңшолу баяндамасы ашты. Ол Біріккен институттың халықаралық зерттеу қызметін ұйымдастырудағы тәжірибесіне шолу жасап, Қазақстанда «ертеңгі күннің» ғылыми-техникалық бағдарламасын қалыптастырудың қажеттілігін атап өтті. Іргелі зерттеулерден бөлек, болашақтағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ретінде ақпараттық технологиялар, радиациялық материалтану, жоғары температуралы асқын өткізгіштер мен медициналық биосенсорлар жасауды атады.

ЯФИ бас директоры Саябек Сахиев ұлттық зерттеу инфрақұрылымының дамуы туралы баяндады. Ол өз сөзінде Астана филиалының тарихын — алғашқы сәуле шығарудан болашақ технологияларын жасауға дейінгі — кезеңдерге сүйене отырып, бастапқыда он адаммен жұмыс істеген филиалдың бүгінде қазақстандық ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосып жатқан 67 қызметкерден тұратын ұжымға айналғанына және ғылыми жетістіктерін ерекше атап өтті.

?Жиырма жыл ішінде ЯФИ-дің Астана филиалы ұлттық ғылыми инфрақұрылымды дамытуға және кадрлар даярлауға елеулі үлес қосты, ал ДЦ-60 ауыр иондар үдеткіш кешені ядролық физика, радиациялық материалтану және ион-сәулелік технологиялар саласындағы елдің негізгі зерттеу қондырғыларының біріне айналды. Қол жеткізілген нәтижелер мен пленарлық мәжілістегі өкілдіктің жоғары деңгейі Қазақстанның БЯЗИ негізіндегі халықаралық ғылыми ынтымақтастығының одан әрі нығайып, елдің көпжақты зерттеу бастамаларына қатысуының кеңейіп жатқанының