Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

БЯЗИ-дің Қаржы комитеті жеті жылдықты қорытындылады

Бүгін 9 қараша күні Алматыда Біріккен ядролық зерттеулер институтының(БЯЗИ) Қаржы Комитетінің отырысы өтті. Сессия жұмысын БЯЗИ Қаржы комитеті төрағасы, Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Андрей Омельчук басқарды. БЯЗИ Қаржы комитеті шешімдері ертең БЯЗИ-ге мүше мемлекеттер Үкіметтерінің Өкілетті Өкілдері комитетінің отырысында ұсынылады. Отырысқа қатысушыларды құттықтай отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің БЯЗИ-дегі өкілетті өкілі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев іс – шара бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі - БЯЗИ-ді дамытудың жаңа жеті жылдық жоспарымен жұмыс жасау мәселесіне тоқталды. Ол 2009 жылы Қазақстанда 2010-2016 жылдарға арналған БЯЗИ жеті жылдық жоспары қабылданғанын, оның тиімді стратегиясы институт қол жеткізген нәтижелермен расталғанын атап өтті.Комитет мүшелеріне жемісті жұмыс тілей отырып, Саябек Сахиев өкілетті өкілдер комитетінің көшпелі отырысына қатысушыларды сенбі, 11 қарашада Ядролық физика институтында БЯЗИ ақпараттық орталығының салтанатты ашылуына шақырды. Отырысты БЯЗИ директоры Григорий Трубниковтың институттың ғылыми жұмысы туралы 2023 жылғы баяндамасы ашты. Академик Трубников БЯЗИ жеті зертханасының әрқайсысында алынған ең жарқын нәтижелер туралы, сондай-ақ мегасайенс-жобалардың дамуы туралы айтты. Сонымен, NICA жобасы 88% орындалу деңгейіне жетті. Baikal-GID нейтрино телескопы екі жаңа кластер алды, оның көлемі қазір 0,6 км 3, сонымен қатар жаңа деректер жинау жүйесімен тәжірибелік кластер пайдалануға берілді. 2023 жылғы 10 шілдеде БЯЗИ қаржы мәселелері жөніндегі ӨӨК төрағасының жанындағы жұмыс тобының отырысын өткізу туралы топ төрағасы Ержан Мұхамеджанов айтып берді. Қазақстан Республикасы 1992 жылдан бастап БЯЗИ-дің белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстандық ғалымдар әлемдік ынтымақтастықтың бір бөлігі болып табылатын NA62, NA 64, DUNE, HIKE сияқты көптеген ірі жобалардың эксперименттеріне қатысады. Осылайша, олар еліміздің ғылыми әлеуетінің дамуына зор үлес қосуда.

Суреттер БЯЗИ баспасөз қызметінен алынды