Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Болат Ақшолақов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақшолақов Болат Қазақ мемлекеттік басқару академиясының есеп және экономикалық кибернетика факультетін және мұнай-газ өнеркәсібі оқу орталығын бітірген, еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Осы жылдар ішінде «Қазақстан Alem Bank» банкінде экономист, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің департамент директоры, «Қазақойл» ҰОК ЖАҚ, «Қазмұнайгаз» ҰОК БК» АҚ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымында жұмыс істеді. Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының басқарушы директоры, президенті, Мұнай және газ вице-министрі, KAZENERGY бас директоры. «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды. Жаңа тағайындалғанға дейін 2022 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болды.

Болат Оралұлын Ядролық физика институтының атынан жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуі жолында жаңа табыстар тілейміз!