Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Садуев Нұржан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің алқа отырысының шеңберіндегі «Іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тетіктерін талқылау» панельдік секциясына қатысты.
Секция жұмысына қатысушылар қатарында ҒЗИ директорлары және ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки болды.
Отырыста іргелі ғылыми зерттеулердің проблемалық мәселелері, перспективалары мен негізгі трендтері қаралды.
ҚР ғылымды дамыту ниетін ескере отырып, әлемдік ғылыми қоғамдастықта белсенді ұстанымға ие болу мақсатында жоғары сапалы және өзекті зерттеулер жүргізуді ынталандыру, сондай-ақ технологияларды коммерцияландыру мәселелері талқыланды.