Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Бас директордың Назарбаев университетіне сапары

2023 жылдың 6 сәуірінде Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев Астана қаласындағы жұмыс сапары барысында Назарбаев Университетінде (НУ) болды. Сапар аясында ЯФИ бас директоры НУ ғылыми-техникалық инфрақұрылымымен танысты: i-Nura үдеткіші, NanoFablab, энергетикалық ғарыш және электрондық микроскопия зертханаларына барды.

Сапар аясында Саябек Қуанышбекұлы НУ басшылығымен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Тараптар ядролық физика институты мен Назарбаев университеті арасындағы одан әрі ынтымақтастық мәселесін, сондай-ақ материалтану және ядролық физика салаларындағы бірлескен ғылыми жобаларды талқылады.