Бүгін Шымкент қаласына сапар аясында бас директор Саябек Сахиев пен бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Евгений Ермаков Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Мырзабек Рысбековпен кездесті. Кездесу барысында Шымкент қаласында ядролық медицинаны дамыту және диагностикалық және терапевтік қолдану радиофармпрепараттарын жеткізу саласындағы ынтымақтастық мүмкіндігі талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен қызмет туралы меморандум жасасуға келісті.
Медицина академиясы40 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан нарығында білім беру қызметтерін көрсетіп келе жатқан еліміздің жетекші медициналық жоғары оқу орны болып табылады. Орта техникалық кәсіптік білім, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде медициналық , фармацевтикалық және инженерлік-фармацевтикалық бағыттағы мамандарды даярлауды жүзеге асырады.