Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Бас директор ҚР-ның Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

25 маусымда Варшава қаласында Бас директор Сахиев Саябек бастаған Институт делегациясы Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кирабаев Алиммен кездесті.

Институт Еуропа мен Азияның 5 еліне өз өнімдерін экспорттайтындықтан, оларды поляк нарығына жеткізу әлеуеті де талқыланды.

Бас директор Сахиев Саябек кездесуде Ядролық физика институтының Варшава университетімен ядролық физика және жоғары білікті кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастығының ұзақ тарихын атап өтті. Бұл ынтымақтастықтың әлеуеті өзара түсіністік туралы жаңа меморандумға қол қоюмен расталады.