Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Бас директор Маңғыстау облысына барды

15-16 шілде күндері Ядролық физика институтының бас директоры Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарларымен кездесіп, ядролық медицина әдістерін қолдану арқылы онкологиялық науқастарға медициналық көмекті жақсарту және өңірдегі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндіктерін талқылады.

Облыс әкімінің орынбасары Звира Есбергеновамен кездесу барысында ПЭТ-КТ орнату және онкологиялық аурухананы бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томографиямен (БЭКТ) жабдықтау мәселелері талқыланды. Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде қолданылатын бұл әдістер фтор-18 және технеций-99 (99Tc) изотоптарымен радиофармацевтикалық препараттарды пайдалануға негізделген. Сондай-ақ, Ядролық физика институты Қазақстандағы технеций-99 изотопымен РФП-ны өндіретін жалғыз өндіруші болып табылады.

Бөлек кездесуде Маңғыстау облысында медициналық көмектің қолжетімділігі мен радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Талқылауға Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев, облыс әкімінің орынбасарлары Қанат Кұлжанов және Аббат Өрісбаев, және облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әсел Балманова қатысты. Сондай-ақ, Саябек Сахиев «МАЭК» ЖШС және «ҚазАзот» АҚ-на барды. Осы компаниялардың басшылығымен кездесуде қалдықтарды қайта өңдеу және жою мәселелері талқыланып, ИЯФ мамандарының аумақтарды радиоэкологиялық тексеруден өткізіп, кейіннен қалпына келтіру шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеу мүмкіндігі қарастырылды.