Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев "Ostro Minerals" (Швейцария) компаниясының президенті Морис Сэмюэль Остромен (Maurice Samuel Ostro) кездесті.
"Ostro Minerals" компаниясы Энергетика министрлігі Ядролық физика институтының (ЯФИ) - өнеркәсіптік және медициналық мақсаттағы радиоактивті изотоптардың (радиофармпрепараттар) өнімдеріне қызығушылық білдірді.
Кездесу барысында Ядролық физика институты мен "Ostro Minerals" арасында, институт жүргізіп жатқан әзірлемелерге инвестиция салу жөніндегі құжаттарға қол қойылды.
ЯФИ базасында онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін радиофармпрепараттар, сондай-ақ өнеркәсіптік мақсаттағы радиоизотоптар өндірілетінін атап өтеміз. Институт еліміздің медициналық мекемелеріне жеткізілетін Қазақстандағы радиофармпрепараттардың барлық көлемінің 90% -. өндіреді.
Бұған дейін Қазақстанның Энергетика министрлігі институт базасында өндірілетін өнеркәсіптік және медициналық радиоизотоптар желісін кеңейту, сондай-ақ Еуропа елдеріне экспортты ұлғайту үшін ядролық физика институтына инвестициялар тарту жөнінде бірқатар келіссөздер жүргізген болатын. 2022 жылы институт өз өнімдерін алғаш рет Германияға жеткізді.