Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Қазақстанда АЭС салу электр энергиясының тапшылығын шешеді

13 тамызда Талдықорғанда Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар өтті. Аймақ тұрғындары заманауи технологияларды қолдану, жобаны қаржыландыру және АЭС қалдықтарын кәдеге жарату үдерісімен байланысты мәселелерге үлкен қызығушылық танытты.

Жетісу облысы тұрғындарын толғандырған басты сұрақтардың бірі болашақ АЭС үшін кадрлық әлеует және мамандарды даярлау мәселесі болды. Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев өз сөзінде Қазақстан атом энергетикасы саласында айтарлықтай тәжірибеге ие екенін және осы сала үшін кадрлар даярлап жатқанын атап өтті.

Ядролық физика институты болашақ мамандарды тәжірибелік даярлау үшін қажетті инфрақұрылыммен, соның ішінде зерттеу реакторы, критикалық стенд және әртүрлі үдеткіштермен жабдықталған. ИФИ базасында АЭХА-нің қолдауымен үш оқу орталығы жұмыс істейді, бұл атом өнеркәсібі үшін кадрларды халықаралық тәжірибеге сүйене отырып тиімді даярлауға мүмкіндік береді.