22 наурызда ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки мен Институттың бас директоры, ҚР Үкіметінің БЯЗИ-дағы Өкілетті өкілі Саябек Сахиев БЯЗИ-де сапармен болды.
🔸Сапар аясында БЯЗИ басшылығымен кездесу өтіп, онда Қазақстанда озық ғылыми инфрақұрылым құру, ядролық медицина бағыттары бойынша бірнеше жоспарланған бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ ультра суық нейтрондар арнасы бар ірі қондырғы құру мәселелері талқыланды.
🔸Ғылым және жоғары білім вице-министрі және бас директор БЯЗИ өкілетті өкілдері комитетінің сессиясына қатысты, сондай-ақ Біріккен институттың ғылыми зертханаларының ғылыми инфрақұрылым объектілерімен танысты.
🔸Қазақстан Республикасының БЯЗИ-ғы Ұлттық тобымен кездесу өткізіп, онда ағымдағы жобалар, бастамалар мен қазақстандық ғалымдардың Біріккен институтта ғылыми қызметі шеңберінде қол жеткізген елеулі жетістіктері туралы егжей-тегжейлі баяндамасы ұсынылды.