Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Қазақстан Қырғызстанға өмірлік маңызды радиофармацевтикалық препараттарды жеткізе бастады

15 маусымда Ядролық физика институты Қырғыз Республикасына қатерлі ісік пен жүрек ауруларын диагностикалау үшін қолданылатын молибден-99/технеций-99 генераторын жеткізді.

Генераторды Қырғыз Республикасына жеткізу Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды. Өткен жылы Астанада Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен АЭХА бас директоры Рафаэль Гросси Қазақстан мен Агенттік арасындағы 2023-2028 жылдарға арналған Елдік бағдарламаның негізіне қол қоййылған болатын. Бағдарлама төрт басым бағытты айқындайды: атом энергетикасы инфрақұрылымы, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі және ядролық медицина.

Ядролық физика институты – радиофармацевтикалық препараттарды өндіру процесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайтын GMP сертификаты бар Қазақстандағы жалғыз ұйым. Бұл дегеніміз Институт өндірілетін дәрілердің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін айғақтайды. Бүгінде Институт Қазақстанда өндірілетін радиофармацевтикалық препараттардың 75%-ға жуығын өндіріп, Алматы, Шымкент және Семей қалаларының медициналық мекемелерін қамтамасыз етеді.

Қырғызстанға радиофармацевтикалық препараттарды жеткізу денсаулық сақтау жүйесін нығайту және Қырғыз Республикасының тұрғындары үшін озық медициналық технологиялардың қолжетімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.