Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні

Құрметті әріптестер! Кез-келген мемлекеттің міндетті атрибуттары — егемендігін білдіретін Елтаңба, Ту, Әнұран. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің тарихы еліміздің жаңа тарихымен тығыз байланысты. Егемен Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері тәуелсіздік алғаннан кейін бекітілді және 1992 жылғы 4 маусым біздің тарихымызда және халықтың жадында тәуелсіз ел үшін маңызды күн ретінде мәңгі қалады. Бүгінгі таңда Қазақстанның рәміздері бүкіл әлемге танымал, бұл ел үшін мақтаныш сезімін тудырады, патриотизм сезімін тәрбиелейді. Мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтауларыңызды қабыл алыңыздар! Осы жарқын мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз. Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы өркендей берсін!