Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Қазақстан Республикасындағы «Росатом»мемлекеттік корпорациясы Өкілінің ЯФИ РМК сапары

2022 жылғы тамыз айының соңында (23 тамызда) Қазақстан Республикасындағы «Росатом»мемлекеттік корпорациясының Өкілі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Александр Виктрович Яковлевтің ЯФИ РМК ресми сапары өтті, институт әкімшілігімен кездесу аясында Институт объектілерінде шолу экскурсиясы өткізілді. Кездесу барысында бұдан былайғыынтымақтастық жөніндегі бірқатар мәселелер талқыланды, атап айтқанда, Александр Виктрович жанында ғылыми-зерттеу реакторлары салынатынөнеркәсіптік АЭС салуда «Росатом» мемлекеттік корпорациясының әлемдік тәжірибесі бар екенін және сол арқылы АЭС үшін жоғары білікті кадрлар даярлауда маңызды рөл атқаратын Атом өнеркәсібінің ғылыми-зерттеу бағыттарына қолдау көрсететінін атап өтті. Кездесу соңында тараптар аталған мәселені одан әрі жоғары деңгейде қарастыру жөніндекелісті.