27 қарашада өткен жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Біріккен ядролық зерттеулер институтындағы Өкілетті өкілі, Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев Қазақстан Республикасының Ұлттық тобының мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
— БЯЗИ-дегі ҚР Ұлттық тобы қызметкерлеріне қатысты ереже;
— Қазақстанның ғылыми ұйымдары мен БЯЗИ арасындағы халықаралық жобалардың перспективалары.
Бұл жолғы кездесуде кадрлық сабақтастық тақырыбына ерекше мән берілді. Өкілетті өкіл бұл бағыттың жас зерттеушілердің халықаралық жобаларға қатысуына жағдай жасау және ұлттық кадрлық резервті нығайту мақсатында қарастырылып отырғанын атап өтті. Ол мұндай тәсіл халықаралық ғылыми ұйымдарға тән тәжірибеге сәйкес келетінін және Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыруға мүмкіндік туғызатынын айтты.
Саябек Сахиев халықаралық даярлықтан өткен жас мамандардың қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының жобаларына қатысуы елдің ғылыми ортасының дамуына қосымша серпін беретінін ерекше атап өтті.
Ұлттық топ мүшелері бұл бастаманы толық қолдай отырып, оның Қазақстанның БЯЗИ қызметіне қатысуын күшейтуге, ғылыми кадрлардың кәсіби әлеуетін кеңейтуге және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін арттыруға елеулі үлес қосатынын жеткізді.
Бүгінде БЯЗИ-де 80-нен астам қазақстандық маман еңбек етеді, олардың орташа жасы шамамен 30-ды құрайды.