25 тамызда Токиода Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев бастаған делегация Marubeni Utility Services компаниясының президенті Такума Нагасэмен кездесті.
Кездесуде ССР-Қ реакторында нейтрондық сәулелену жағдайында болашағы зор литий керамикасынан газ бөліну үдерістерін зерттеу жұмыстарының ағымдағы мәртебесі талқыланды. Аталған зерттеулер Жапонияның Ұлттық кванттық ғылымдар мен технологиялар институтының тапсырысы бойынша жүргізілуде, ал Marubeni Utility Services компаниясы жобаның үйлестірушісі болып табылады.
Такума Нагасэ аталмыш жобаның нәтижелері термоядролық реакторды отынмен өзін-өзі қамтамасыз ету мәселесін шешуде жоғары практикалық маңызға ие екенін және бақыланатын термоядролық синтезге қол жеткізуге үлес қосатынын атап өтті.
Болашақта термоядролық технологияларды дамытуға аясында термоядролық қондырғылардың жетілдірілген функционалдық және конструкциялық материалдарын реакторлық сынақтан өткізу жоспарлануда.
Кездесу соңында тараптардың басшылары жобаның ағымдағы жүзеге асырылуындағы оң және кәсіби қарқындылықты атап өтіп, жаңа зерттеуді іске асыру үшін таяу уақытта мамандардың техникалық кездесуін өткізуге уағдаласты.