Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Қауіпсіздік жөніндегі семинар

Ядролық физика институтының делегациясы құрамында ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік департаментінің директоры Мурат Тулегенов, ядролық материалдарды физикалық қорғау және режимдік объектілер бөлімі бастығы Талғат Тлемисов, радиациялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Михаил Мухортов АЭХА-ның иондаушы сәуле көздерін тасымалдау қауіпсіздігі жөніндегі семинарына қатысты. Іс-шара Грузияның Тбилиси қаласында өтті.

Семинар жабық иондаушы сәуле көздерін Каспий теңізі акваториясына жерүсті және теңіз көлігімен трансшекаралық тасымалдау мәселелеріне арналды. Талқылауларға Грузия, Әзербайжан және Қазақстан өкілдері қатысты.

Қазақстандық делегацияны бес қатысушы құрады.