30-31 шілде күндері Астанада «Пайдаланушы ұйымдағы қауіпсіздік мәдениеті мен көшбасшылық жағдайын бағалау» тақырыбында «Атом-ТМД» ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылған семинар өтті. Іс-шараға Ядролық физика институтының ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік департаментінің директоры Мұрат Төлегенов қатысты.
Семинарға Қазақстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Армения және Беларусь өкілдері шақыртылды. Іс-шара өндірістік процестердің қауіпсіздігін арттыру және стратегиялық мақсаттарға жету үшін қауіпсіздік мәдениеті мен көшбасшылықты дамыту және қолдану мәселелеріне арналды.