17 шілдеде Атырау қаласында елімізде атом электр станциясын салу жоспары бойынша жария талқылау өтті. Облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, энергетика саласының мамандары, экологтар, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар, журналистер мен блогерлер сияқты қатысушылар жиналды. Түрлі сала мамандардың қатысуы осы тақырып жайлы ашық диалог жүргізуге мүмкіндік берді. Іс-шара АЭС құрылысының әртүрлі аспектілерін қамтыды, соның ішінде қауіпсіздік шаралары, қоршаған ортаға әсері, жобаның экономикалық тиімділігі және қоғамға әлеуметтік әсері.
Сондай-ақ сарапшылар – Энергетика министрлігі, Ядролық физика институты «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС, Ұлттық ядролық орталық және өкілдері АЭС құрылысына ұсынылып отырған заманауи технологиялар туралы, Қазақстанның бейбіт атомды дамыту тәжірибесі, отандық институттардың осы саладағы жүзеге асырып жүрген ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер туралы айтып өтті.
Энергетика министрлігінің өкілдері электр энергиясына деген сұраныстың артуы мен СО2 шығарындыларын азайтуға деген ұмтылысты ескере отырып, Қазақстанда атом энергетикасын дамыту қажеттілігіне жиналған қауымның назарын аудартты, сондай-ақ болашақ атом электр станциясының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жобаның барлық кезеңдерінде мұқият жоспарлау мен қатаң бақылаудың маңыздылығын атап кетті.
Институт бас директоры Саябек Сахиев сөзінде ССР-Қ реакторы Қазақстанда болашақта салуды жоспарлап отырған атом электр станциясының іс жүзінде прототипі екенін атап өтті. Өйткені, АЭС пен зерттеу реакторларына қойылатын АЭХА қауіпсіздік талаптары бірдей және ССР-Қ реакторы 57 жыл ішінде ешқандай оқиғаға тап болмаған. Сондай-ақ, бұл реактор болашақ АЭС үшін кадрларды дайындаудың негізгі алаңдарының бірі болып табылады.
Өткен талқылау барлық мүдделі тараптар арасында сындарлы диалог құру және еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға үлес қосуға мүмкіндік берері сөзсіз.