2023 жылдың 6 маусымында Ядролық физика институтында Қазақстан ғылым күніне орай «Атом. Ғылым. Технологиялар» атты II халықаралық мектеп конференциясы басталды.
«Атом. Ғылым. Технология» конференциясы жетекші ғалымдар жас ғалымдар мен мамандарды ғылыми зерттеулердің соңғы нәтижелерімен таныстыру мақсатында ғылыми мектеп жүргізетін жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен өтетін ғылыми конференция болып табылады. Конференцияда жас мамандардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша баяндама түріндегі презентация қарастырылған, сонымен қатар конференция тақырыбы бойынша теория, тәжірибе және инновациялық менеджмент саласындағы жетекші ғалымдардың пленарлық, шолу және мамандандырылған баяндамалары тыңдалады.
Конференцияны бас директор Саябек Сахиев ашты. Бас директор «Атом. Ғылым. Технологиялар» конференциясын ұйымдастыру жас ғалымдардың ғылыми ізденіс процесін жетілдіруде маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ ол келесі жылы бұл конференция аралас форматта (онлайн/офлайн) ағылшын тілінде өтетінін хабарлады. Саябек Қуанышбекұлы ең өзекті 20 жұмыс британдық Journal of Physics: Conference Series журналында ғылыми мақала ретінде жарияланатынын жеткізді.
Сондай-ақ бас директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Данияр Джансейтов қатысушыларды конференцияның ашылуымен құттықтады. Ол өз сөзінде биылғы жылы ғылыми конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Латвия және Ресейден 60-тан астам қатысушы және шетелдік ұйымдардан 9 лектор қатысып жатқанын айтты. Таңдаулы 10 ғылыми еңбек «Вестник» журналында жарияланатынын атап өтті.
Ғылыми конференция 9 маусымға дейін жалғасады. Конференция соңында тезистер жинағы шығарылып, сертификаттар беріледі.