Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Атом саласындағы әріптестікті дамыту: Қытай делегациясының Ядролық физика институтына сапары

15 маусым күні Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік энергетика басқармасының (NEA) басшысы Ван Хуньчжи мырза және Қытай ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) басқарма төрағасы Шэнь Янфэн мырза Ядролық физика институтына танысу сапарымен келді. Сапардың мақсаты — Ядролық физика институтымен тәжірибе алмасу болды.

Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиевтың төрағалығымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің және «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің қатысуымен тараптар кіріспе кеңес өткізіп, ССР-Қ зерттеу реакторын, сыни стендті, бұзбай бақылау және талдау орталығын, кешенді экологиялық зерттеулер орталығын аралады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытудағы бірлескен қызметтің келешегін қарастырды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара қызығушылықтарын растады және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану аясында тиімді өзара іс-қимыл жасауға дайын екендерін білдірді. Бұл кадрлар даярлау, материалтану, бұзбай бақылау әдістері, радиохимия және іргелі зерттеулер салаларында бірлескен ғылыми жобаларды дамыту мен тәжірибе алмасуды қамтиды.