22-25 сәуір аралығында Ядролық физика институының Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы базасында «Атом саласы объектілерінде ішкі тәртіп бұзушы қауіпін төмендету» тақырыбында семинар өтті. Семинарды АҚШ Энергетика министрлігінің Ұлттық ядролық қауіпсіздік жөніндегі әкімшілігінің Халықаралық ядролық қауіпсіздік басқармасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинар мақсаты – қатысушыларды ядролық объектілердегі ықтимал инсайдерлік қауіптерді, олармен байланысты тәуекелдерге шолумен таныстыру және оларды азайту құралдарын зерделеу.
Семинар ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы саясат пен ережелерді әзірлеу және сақтауды қамтамасыз етуді, ядролық материалдарды физикалық қорғау, есепке алу және бақылау жүйелерін жобалау мен енгізуді жүзеге асыратын Қазақстандағы мемлекеттік органдары мен атом саласы кәсіпорындарының мамандарына арналған. Оқыту барысында АҚШ және Қазақстанның Энергетика министрлігі Ұлттық зертханаларының нұсқаушыларымен теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізілді. Қатысушылар үшін ЯҚОО бойынша таныстыру туры ұйымдастырылды.
Семинар қорытындысы бойынша 14 қазақстандық маманға оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді.