25-27 қаңтар аралығында Қазақстанның атом саласы ұйымдарының бірінші басшыларына алғаш рет оқу курсы ұйымдастырылды. Курс радиоактивті материалдармен жұмыс істейтін объектілерде қауіпсіздікті жетілдіруге және қадағалауға арналған.
Биыл семинар жұмысына алғаш рет ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» РМК, ҚР ЭМ «Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті», «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ, ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» РМК АҚ, «Үлба-ТВС» ЖШС, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «МАЭК» ЖШС және ҚР Ұлттық ұланның алғашқы басшылары қатысты.
Семинар «Ядролық физика институты» РМК Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің қолдауымен АҚШ Қорғаныс министрлігінің «Жаһандық ядролық физикалық қауіпсіздік» қатерін азайту агенттігінің бағдарламасы аясында өтті.
Семинарды «Ядролық физика институты» РМК Бас директоры Сахиев Саябек Қуанышбекұлы ашты. Өз сөзінде Бас директор институттың жұмысы мен қатар алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.
- Ядролық физика институты 65 жылдан астам тарихы бар, атом саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың толық циклін жүргізетін жалғыз институт. Институтымызда іргелі және қолданбалы зерттеулер ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп пен медицина үшін радиоизотоптар жасалады. Атап айтқанда, онкологиялық науқастарды диагностикалау және емдеу үшін арналған. Қазіргі таңда Қазақстанда өндірілетін барлық радиофармпрепараттардың 95% - ы біздің институттың үлесіне тиесілі. Сондай-ақ Институт 30-дан астам жетекші халықаралық ғылыми-зерттеу институттармен және жоғары оқу орындарымен тығыз жұмыс істейді. Жарияланымдар бойынша Ядролық физика институты Қазақстан бойынша бірінші орында тұр.
Әрине, біз қол жеткізген жетістіктерімізбен тоқтамаймыз және Қазақстан Республикасынының өркендеуі мен дамуы үшін адал еңбек ете береміз - деді Институт Бас директоры.
Сонымен қатар, Саябек Қуанышбекұлы жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлау үшін Ядролық физика институты өте үлкен тәжірибесі мен базасы бар екенін атап өтті. Сондықтан өткен жылы Әл-Фараби ҚазҰУ-мен консорциалдық келісім жасалып, институт базасында атом электр станциясы үшін қажетті мамандар даярлау жоспарлануда.
ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Серғазин Ғұмар Екпінұлы қатысушыларға алғы сөзін айтып, Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың арқасында 30 жыл ішінде көптеген бірлескен жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.
- ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті АҚШ-пен ынтымақтастықтың барлық бағдарламаларының уәкілетті өкілі және үйлестірушісі болып табылады. Бұл ынтымақтастық 1993 жылы ҚР мен АҚШ арасындағы негіздемелік келісімге қол қойылған кезде басталды. Бүгінгі күнге дейін ядролық нысандарда ядролық-физикалық қауіпсіздікті жаңғыртуды қамтамасыз ету бойынша орасан зор жұмыс атқарылды. Ынтымақтастықтың арқасында «Ядролық физика институты» РМК-да ядролық қауіпсіздік бойынша оқу орталығы ашылды.
АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Каролин Сэвидж өз кезегінде Қазақстанға әскери қауіпті төмендету бағытталған бағдарламаны қолдағаны үшін алғысын білдірді.
- Қазақстанның ядролық қауіпсіздік саласындағы жетекші рөлі орасан. Америка Құрама Штаттары ядролық технологияны аса жауапкершілікпен пайдалануға ұмтылады және Қазақстанмен әріптестікті мақтан тұтады, - деп атап өтті Бас консул.
Оқу курсы шеңберінде басшылар қауіпсіздік шаралары, ішкі қауіпті болдырмау және азайту, адам ресурстарының өнімділігін жақсарту сынды мәселелерінен хабардар болды. Ядролық физикалық қауіпсіздік мәдениетінің негізгі компоненттері мен сипаттамалары бойынша шолулар берілді. Сондай-ақ Ұлыбританиядағы қауіпсіздік мәдениетінің жай-күйіне шолу жасалды.
Семинардың негізгі міндеті - ядролық-физикалық қауіпсіздікті нығайту ғана емес, барлық нормаларды сақтауға бағыттау, - деп атап өтті ұйымдастырушы компания өкілі Александр Васильев.
Физикалық қорғау жүйелерін нығайтуға бағытталған оқу семинарларын АҚШ тарабы 8 жыл бойы ұйымдастырып келеді. Мұндай курстардың радиоактивті материалдарды қолдану және тасымалдау кезінде нормалар мен талаптарды сақтауда көмегі зор.
Алдағы уақыттада ядролық-физикалық қауіпсіздік мәдениетін жетілдіруге бағытталған шаралар жалғасын таба бермек дейді ұйымдастырушылар.