Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Астанада Жапониямен ынтымақтастықтың жұмыс мәселелері талқыланды

Қазақстан мен Жапония арасындағы атом саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері Астанада Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев пен Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Ясумаса Иидзима арасында өткен кездесуде талқыланды.

Кездесу барысында ағымдағы жобалармен қатар жаңа өзара іс-қимыл бағыттары қарастырылды. Саябек Сахиев Астана филиалының 20 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Жапонияның JAEA және Marubeni Utility Services Ltd. ұйымдарының делегациясымен кездесу өткенін атап өтті. Сондай-ақ ол National Institute for Fusion Science ұйымымен перспективалы зерттеулер жүргізу туралы қол жеткізілген келісімдер және Ибараки университетімен келісімге қол қойылғаны жөнінде хабардар етті. Бұдан бөлек, Институт молибден-99-ды бөліну (осколочный) әдісімен өндіруді жолға қойып, кейін оны Жапонияға жеткізуді жоспарлап отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін растады.